Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Бос лауазым орыны

 

Астана қаласының Білім басқармасы 2014 жылдың сәуір айындағы мәліметі бойынша мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің бос лауазым орындары бар екенін хабарлайды:

  1. Басқарма басшының орынбасары;
  2. Қосымша білім беру және тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы (негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне);
  3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлімінің басшысы;
  4. Персоналды басқару қызметінің  бас маманы;
  5. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлімінің бас маманы;
  6. Қамқорлық және балаларды қолдау бөлімінің бас маманы.

24.04.2014 г.

«Астана қаласы Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі

«Б» корпусы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға кандидаттарды іріктеп алу жөніндегі конкурстық комиссия отырысының  қорытынды хаттамасы

 

№ 3 14.04.2014 ж.

 

«Астана қаласы Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі  бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға кандидаттарды іріктеп алу жөніндегі конкурстық комиссиясы шешім ҚАБЫЛДАДЫ:

Экономикалық талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы лауазымына, D-О-4 санаты бойынша Айгуль Турсынахунқызы Джолдыбаеваның кандидатурасы ұсынылды;

Жалпы орта білім беру бөлімінің бас маманы лауазымына,  D-О-4 санаты бойынша Эльмира Дулатбекызы Жакенованың  кандидатурасы ұсынылды;

Жалпы орта білім беру бөлімінің бас маман лауазымына                                   Лаура Мошқалқызы Алеуханованы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментіне әкімшілік мемлекеттік қызметтің кадр резервіне алу үшін Д-О-4 санаты бойынша ұсынылсын.

 **          **         **         **           **


«Астана қаласы Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Б» корпусы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды іріктеп алу жөніндегі конкурстық комиссия отырысының 2014 жылғы 07 сәуірдегі     № 2 хаттамасы және мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылған біліктілік талаптарына сәйкестігін қарастырып Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/32 бұйрығымен бекітілген бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын калыптастыру қағидасының                 27-тармағына сәйкес бос лауазымдарға орналасуға кандидаттарға іріктеуді жүзеге асыратын  конкурстық комиссиясы шешім ҚАБЫЛДАДЫ:

         Белгіленген біліктілік талаптарға сәйкес келетін келесі конкурсқа қатысушылар әңгімелесуге жіберілсін:

         1. Жалпы орта білім беру бөлімінің бас маманы лауазымына                      D-О-4 санаты бойынша:

         1. Жакенова Эльмира Дулатбековна;

         2. Алеуханова Лаура Мошкаловна.

         2. Экономикалық талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне) лауазымына                   D-О-4 санаты бойынша:

         1. Джолдыбаева Айгуль Турсынахуновна;

         2. Мырзабекова Айгерим Бауыржановна;

         3. Кожахметова Асель Киясиденовна.

08.04.14 


* *                  **                      **                          **

«Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік к., анықтама үшін телефон: 8 (7172) 55-68-55, 55-68-57,bilim.astana.kz «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

 

1. Экономикалық талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы (D-О-4 санаты, 1 бірлік). Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 64 063 теңгеден 86 485 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Өз құзыреті аясында Министрліктердің, Басқармалардың, сыртқы ұйымдар қызметкерлерімен байланыс жасайды. Басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша өзіне жүктелген қызметті орындауға қажетті ақпаратты Басқарманың ведомствалық ұйымдарынан белгіленген тәртіппен сұрайды және толық көлемде алады. Бөлім қызметі саласына жататын мәселелер бойынша кеңестер, конференциялар, семинарлар жұмысына қатысады. Желі, штаттар бойынша сандық көрсеткіштерді қабылдау. Қосымша білім беру ұйымдарынан, интернат мекемелерінен, балалар үйінен, кәсіптік-техникалық білім ұйымдарынан, және ақпараттандыру орталығынан, 12 жылдық білім беруді қолдау және ағылшын тілі орталығынан, оңалту орталықтарынан, дарынды балаларға арналған мекемелерден, ПМПК, Балаларды әлеуметтік бейімдеу орталығынан, «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығынан міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына есептеулер қабылдау және тексеру.

Білім басқармасы бойынша бюджетті қаржыландыру жоспарын қалыптастыру. Бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімдер қабылдау, Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына жинақтау. Тарифтеу мен есептеулер қабылдау және тексеру. Білім басқармасы бойынша жиынтық тарифтеу жасау. Кредиторлық берешектер мен салық туралы мәлімет ұсыну. Республикалық бюджет комиссиясының және қалалық мәслихат сессиясының бюджет комиссиясының қарауына материалдар дайындау. Қазынашылық органдарға анықтама жасау. Білім мекемелерінде бюджеттің орындалуын талдау. Республикалық бюджеттен мақсатты ағымдағы трансферттер бойынша, «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасын іске асыру бойынша есеп жасау және ҚР Білім және ғылым министрлігіне, Астана қаласының Қаржы, Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына тапсыру. Республикалық бюджет комиссиясының және қалалық мәслихат сессиясының бюджет комиссиясының қарауына материалдар дайындау. Міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын қарау, бюджеттің орындалуы туралы желілер мен штаттар туралы есеп жасау. Стратегиялық жоспарға, бюджетті нақтылау (түзету) кезінде республикалық бюджеттен мақсатты ағымдағы трансферттер бойынша келісімге өзгеріс енгізу. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспарын, Аймақты дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын орындау.
Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:
Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) салаларындағы жоғары білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) салаларындағы ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, «Бюджет» кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін білуі.
  
2. Қамқорлық және балаларды қолдау бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне) (D-О-4 санаты,1 бірлік). Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 64 063 теңгеден 86 485 теңгеге дейін.
 
Негізгі функционалдық міндеттері:
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын Қазақстандық азаматтарға және шетелдіктерге балаларды (әлеуетті асырап алушылардың құжаттарын дайындау және зерделеу, тұрмыстық жағдайын зерттеу, бала асырап алу мәселесі бойынша сот отырыстарына қатысу) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес асырап алуға табыстау тәртібін қамтамасыз етеді. Қазақстандық балаларды асырап алуға тілек білдірген шетел азаматтары жөнінде мәліметтерді зерделейді және материалдарды дайындайды. Отбасына баламалы орналастыру мәселесі бойынша құжаттарды зерделейді және ұсыныстарды басшыларға ұсынады. Ата-аналардың балаларынан бас тарту себептері туралы зерттеу жүргізеді, аналарын іздейді. Әлеуетті бала асырап алушылардың, асырап алуға жататын балалардың деректер қорын қалыптастырады. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың орталықтандырылған деректер қорына есепке қою үшін асырап алуға жататын балалардың деректер қорын жасайды және жүргізеді. Асырап алынған балалар туралы деректердің тоқсан сайынғы есебін жасауды қамтамасыз етеді. Денсаулық сақтау басқармасымен (балаларды мамандандырылған сәбилер үйіне белгілеу бойынша қаулы жобасын дайындау, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы деректерді салыстыру) бірлескен жұмыс ұйымдастырады. «Асырап алған ата-аналар мектебінің» жұмысын ұйымдастырады. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін, шағымдары мен ұсыныстарын қарайды. Басқарма басшылығының басқа да тапсырмаларын орындайды.
Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:
«Білім», құқық (заңгер, құқық қорғау жұмысы) салаларындағы жоғары білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда «Білім», құқық (заңгер, құқық қорғау жұмысы) салаларындағы ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «ҚР баланың құқықтары туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы Заңы, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі, Бала құқықтары туралы Конвенцияны білуі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) белгіленген нысандағы өтініш; 2) 3х4 үлгідегі суретпен белгіленген нысанда толтырылған сауалнама; 3) білім туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері; 4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмелері; 5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; 6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; 7) құжаттарды тапсыру сәтінде  уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткендігі туралы қолданыстағы сертификат құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде ( «Вечерняя Астана» және «Астана ақшамы»), «Астана қаласы Білім басқармасының» мемлекеттік мекемесі, 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11 үй, № 720 кабинет мекен-жайы бойынша тапсырылуы тиіс.
Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері әкеліп берген немесе поштамен жіберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.
Құжаттарды электрондық пошта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірмей беру қажет.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде «Астана қаласы Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінде өтеді.

Полезное