Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

введите текст

Жақсылық   жан  жадыратады

 

 

Мектеп: №59 мектеп-лицейі                                                 9 сабақ

Құндылық:Дұрыс әрекет   

Қасиеттер: мейрімділік, қайырымдылық, кешірімділік

Мұғалiм: Қабажаева Сауле Қазымбекқызы                         Сынып: 

  

Сабақ мақсаты: Дұрыс әрекетқұндылығы  туралы  түсініктерін  жақсылық қасиеттері арқылы бекіту.                                                                                                                                                 

Міндеттері:

- Жағымды қарым-қатынас жасауды кешірімділік таныту арқылы ашу;

- Қайырымдылық дағдыларын дамыту;

-Мейірімді бола білуге  тәрбиелеу.

 

                       Сабақ  барысы

 

  1. Ұйымдастыру кезеңiТыныштық сәтi

Оқушылар орындарында отырып  күйтаспадан  баяу  музыка  тыңдайды.

(Тыныштық  менің ойым, сезімдерім, жан-дүниемде, тыныштық... бүкіл әлемде).

 

  1. Үй  жұмысын  тексеру

Қайырымдылық туралы  қандай  мақал-мәтелдер  келтіре  аласыздар?

- Айналаңдағы адамдардың  мейірімділігін қалай  сезінесіздер?

 

  1. Әңгімелеу (сұхбат)

 «Құм  мен  тас». «Зердеңізге  тоқыңыз» кітабынан

-         Адам бойындағы  қандай жақсы  қасиеттер  арқылы ол досына  кек  ұстамайды?

-         Шапалақ  жеген  баланың  орнында  болсаң  не істер едің?

-         Кешірімділік  адамдарды  қалайша қуанышқа  бөлейді?

 

  1. Дәйексөз

«Өзгенің  жақсылығын көру  үшін өзің де жақсы  істермен  көріне біл»                                                                            Хью Дауиз

 

-         Неліктен өз бойында жақсы қасиеттері бар адам ғана басқалардың жақсылығын көре алады?

 

  1. Шығармашылық  жұмыс, топтық жұмыс

       Оқушылар 3 топқа  бөлініп, әр топ өзінің таңдап алған тапсырмасы  бойынша  жағдаяттар  туғызады. Оқушылардың  ойларын  тыңдау.

       1. Ұяда қараторғайдың үш балапаны бар еді. Шешелері тамақ әкелуге кеткенде балапандардың біреуі жерге құлап түсті. Қайтып оралған қараторғай мысықтың балапанына қарай келе жатқанын көріп, балапанын айнала шырылдай ұшып, өтіп бара жатқан Асаннан көмек сұрағандай  болды. Асан  балапанды  құтқармақ болып  мысыққа ұмтылғанда, мысық  қаша  жөнелді. Асан  жерде жатқан  балапанды апарып ұясына салды. Қараторғайлар шат-шадыман болып  әсем   әуенге  басты.

Асан құстарға қайырымдылықты қалайша көрсете алды?

- Осы әрекетіне қарап сен Асанның бойында тағы да қандай жақсы қасиеттері бар деп ойлайсың?                                        

       2. Айдос  мектептен  үйіне  келе  жатып  әкесіне  сабағын  тыңдатты. Баласының  сабағын білгеніне  әкесі риза  болып,   балмұздақ  сатып  алуға  ақша  берді. Баласы әкесінің  берген  ақшасын алып дүкенге жүгіре жөнелді. Жолдан автобусқа төлейтін  ақшасын жоғалтып  алып,  жылап  тұрған  баланы көрді. Оның жылағаннан  екі беті  албырап, беті-қолы  тоңып  кеткенін  байқады. Қолындағы  ақшасын  балаға   беріп, үйіне тез  баруын айтты. Бала  қуанып автобусқа  мініп  кетті. Айдос бұрылып үйіне  қайтты...

Айдостың бойындағы мейірімділік кішкентай баланың бойында қандай сезімдер оятты деп ойлайсыздар?

- Айдостың  орнында  болсаңдар  не істер едіңдер?

       3. Жасы үлкен ата мен оның немересі үйдің алдында ырсылдап, алпарысып жатқан екі итке қарап отырыпты. Иттердің біреуі ақ, екіншісі қара екен. Бұлар атасы көзін алмай қарайтын ірі иттер еді. Немересі: «Ата, иттеріңіз  соншалықты  үлкен – үйіңізді  қорғауға   біреуі де  жетер  еді  ғой, неге  екеуін  ұстайсыз? Ал  түстері ше – неге  біреуі  ақ, екіншісі қара  болуын  қаладыңыз?» - деп  атасынан  сұрады.

       Жасы 70-ке  жеткен  ата  немересіне  күлімдеп  қарады да:

- Ол  иттерім мен  үшін  екі  таңба, балам, -деді.

- Ненің  таңбасы?

- Жақсылық пен жамандық. Тура  осы иттер ұқсап, ішіміздегі жақсылық пен  жамандық  үнемі  күресіп  жатады. Иттерге  қараған  сайын  соны  ойлаймын. Сол үшін оларды   қасымда ұстаймын. Кішкентай  бала:

- Қалай  ойлайсыз, осы   күресті  қайсысы  жеңіп   шығады  екен?

       Атасы   балаға   күлімдеп   қарап:

-         Қайсысы дейсің ба, балам?  Мен  қайсысына   көп  тамақ берсем – сол!

-         Жақсылық пен жамандықты ажырата білу бізді қалайша дұрыс әрекеттерге жетелейді?

-         Осыдан сен жақсылық жасау өз қолымда деп айта аласың ба?

  1. Топпен  ән  айту

     Т. Серіков. «Достарым»  әні

  1. Үй  тапсырмасы

«Мен жақсылық жасай  аламын, себебі...» (өз  бойыңдағы қасиеттердің бірін таңдап, сөйлемді аяқта).

 

 

Полезное