Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Оқу орындарына "Өзін-өзі тану" пәнін енгізу туралы ұсыныстар

1. Өзін-өзі тану оқу кабинетіне қойылатын жалпы талаптар

 

         Сабақ жүргізілетін ортаға балалармен қатар мұғалімдердің де жұмысқа қабілеті мен эмоционалдық көңіл күйін көтеретін эстетиканың, көркем дизайнның элементтерін енгізу арқылы қолайлы психологиялық қалыпты жағдай жасау.
Гүлдер мен бөлме өсімдіктерінің болуы.
Терезелерде перде немесе жалюздердің, еденде кілем немесе паластың болуы.
Кабинетті эргономикалық, физиологиялық, санитарлық-гигиеналық, эстетикалық, психологиялық және педагогикалық талаптарға сәйкес келетін жиһазбен жабдықтау.

Кабинетті оқытудың мульти-аудио-бейнеқұралдарымен, оқу-анықтамалық әдебиеттермен және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету.

 

Өзін-өзі тану кабинеті:

  • көлемі 76 (кем дегенде 36) шаршы метрден кем болмай және 20-25 оқушы емін-еркін сыятындай болуы тиіс;
  • кабинет 2-3 функционалдық зонаға, мұғалімнің және оқушылардың жұмыс орнына бөлінуі тиіс (белсенді жұмыс және сенімді қарым-қатынас жасау аумағы, сондай-ақ жобалық шығармашылық жұмыстарды орындау аумағы);
  • заманауи санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес болуы керек (жарық, жылу, желдеткіш, оқушылардың жасына сәйкес келетін жиһаз);
  • нақты түстердің үйлесіміне және дизайнына (көркем безендірілуіне) сәйкес болуы тиіс.

2. Өзін-өзі тану кабинетін безендіруге қойылатын талаптар

2.1 Өзін-өзі тану кабинетін безендіру үшін мыналар болуы тиіс:

   2.1.1 Рухани-адамгершілік білім беру жобасының авторы С.А.Назарбаеваның қоғамдық қызметін баяндайтын стенд;

   2.1.2 Қабырғаларда – балалардың суреттері немесе туған өлке табиғатының көріністері;

   2.1.3 Балалардың өзін-өзі тану сабақтарындағы іс-әрекетін бейнелейтін суреттер, туған күн иелерін құттықтаулар үшін

2.2 Өзін-өзі тану кабинетінің қабырғаларын   жас ерекшеліктеріне және пән бойынша тақырыптық-оқу жоспарының бөлімдеріне сәйкес тақырыптық безендіру қажет:

   2.2.1 «Өзін-өзі тану» пәнінің мазмұны суреттерде, стенділер мен панноларда бейнеленуі тиіс;

   2.2.2 «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру контексінде ата-аналармен жұмысты көрсететін жеке стенд қажет;

2.3 Кабинетте міндетті түрде:

   2.3.1 Жеке тұлғаның жұмыс істеуі және олардың шығармашылық жұмыстарын көрсетуге арналған тақталар, флипчаткалар мен магнитұстағыштар;

   2.3.2 Белсенді жұмыс аумағында 4-6 адам үшін дөңгелек немесе ұзынша

   2.3.3 Жоғарғы сынып оқушылары мен студенттер үшін жартылай жұмсақ кеңсе орындықтары;

   2.3.4 Рухани-адамгершілік білім беру бойынша кітапхана қорын, шығармашылық жұмыстарды, дидактикалық және әдістемелік материалдарды, аудио және бейнематериалдарды, кеңсе бұйымдарын сақтау үшін шкафтар немесе стеллаждар;

   2.3.5 Музыка орталығы, бейнемагнитофон және бейнепроектор, компьютер, сандық фотоаппарат мүмкіндігінше болуы қажет.

2.4 Түстерді қолданғанда олардың негізінен ашық және жылы, ашық-сары, ашық – бозғылт болуын ескеру керек.

3. Өзін-өзі тану кабинетінің оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз етілуіне қойылатын талаптар

3.1 Кабинеттің оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз етілуі үшін:


  • нормативтік-құқықтық құжаттар (ҚР БжҒМ бұйрықтары, пәннің білім беру стандарты, тақырыптық жоспарлар);
  • көрнекі құралдар (карталар, плакаттар, портреттер, картиналар, т.б.);
  • рухани-адамгершілік білім берудің барлық деңгейлеріне арналған оқу-әдістемелік кешендер;
  • сабақ өңдеулерінің папкалары;
  • үлестірме дидактикалық материалдар;
  • диагностиканың нәтижелері бойынша аналитикалық есептер;
  • ғылыми семинарлар, конференциялар және рухани-адамгершілік білім беруді дамыту бойынша озат тәжірибе материалдары;
  • бейне- және аудиокассеталар, компьютер дискілері және дискеталар;
  • рухани-адамгершілік білім беру жөніндегі және әдістемелік әдебиеттің болуы және жүйеленуі тиіс.


3.2 Кабинетте сабақ өткізу үшін өзін-өзі тану кабинетін пайдалану кестесі болуы қажет:

   3.2.1 оқу кабинетінің жұмыс кестесі;

   3.2.2 жеке өткізілетін сабақтар, консультациялар, т.б. кестесі.


3.3 Төмендегі құжаттардың болуы маңызды:

   3.3.1 кабинеттегі жабдықтар, әдістемелік құралдар, дидактикалық материалдар т.б. көрсетілген кабинет төлқұжаты;

   3.3.2 кабинетте жұмыс істеу қауіпсіздігі техникасының ережелері;

   3.3.3 әдістемелік бірлестіктің өзін-өзі тану кабинетінің нақты оқу жылына даярлығы жөніндегі шешімдерінің хаттамалары.

 

 


 Презентация көру

 

Астана қаласының Білім басқармасы

 

 

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасын біртұтас педагогикалық үдеріске енгізу

 

 

Астана қаласының пилоттық білім беру ұйымдарымен

өткізілген  әдістемелік семинар қорытындысы

 

 

 

 

 

 

 

Үстіміздегі жылғы 13 қарашада гуманитарлық колледжінің базасында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беруді біртұтас педагогикалық үдеріске кіріктіру мүмкіндіктері»  атты дөңгелек үстел өткізілі.

Аталған дөңгелек үстелге  Білім басқармасының өкілдері, пилоттық білім беру ұйымдарының педагогтары, «Өрлеу» білікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Астана қаласы бойынша  филиалының, «Бөбек» ҰҒПББСО-ның  сертификатталған тренерлері қатысты.

Пилоттық білім беру ұйымдарының миссиясы білім беру үдерісінің әрбір субъектісінің ішкі әлеуетін ашуға мүмкіндіктер туғызу болып табылады.

Мақсаты: тұлғаның жан-жақты біртұтас дамуы үшін жалпыадамзаттық құндылықтарға бағытталған бірыңғай рухани-адамгершілік кеңістігін қалыптастыру.

Міндеттері:

  1. Жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан білім алушылардың дүниетанымдық және мінез-құлық бағдарларын қалыптастыру;
  2. Білім алушылардың өмірлік ұстанымын анықтауына, олардың адамгершілік таңдауын жасауға дайындығын, сондай-ақ өз ойлары, сөздері мен істеріне жауапкершілікті қалыптастыруына, оқу және өмірлік жағдаяттарда адамгершілік мінез-құлық тәжірибесін анықтауына көмек көрсету;
  3. Оқушылардың өзін-өзі тану және өзін-өзі шығармашылықпен жүзеге асыру қажеттілігін дамыту.

Концептуалдық негізі: классикалық философия мен педагогиканың, ізгілікті педагогика және гуманистік психология теориясының идеялары.

Тәсілдер: метапәндік, аксиологиялық, жүйелік-әрекеттік, ізгілікті-тұлғалық, субъект-субъектілік, антропологиялық.

Дөңгелек үстелге қатысушылар әрбір пилоттық мекемедегі білім алушыларға рухани-адамгершілік білім беру жөніндегі тәжирибелерімен алмасты өзін-өзі танудың басқа да білім салаларымен, арнай пәндермен, мектептен тыс, сабақтан тыс әрекетпен әрекеттесу түрлерін талқылады және тәжірибе алмасу мақсатында «ozin-ozi-tanu.kz» порталына материал жинау тапсырылды.

Дөңгелек үстелге қатысушылардың ұсыныстары:

  1. Әрбір пилоттық білім беру ұйымы Пилоттық білім беру ұйымдары туралы Ережені және Адамның үйлесімді дамуы институты ұсынған білім беру үдерісінің теориялық моделін басшылыққа алу;
  2. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасы бойынша педагогтарға, ата-аналарға, барлық пилоттық білім беру ұйымдарының ұжымдарына оқу семинарларын, шебер-сыныптарын өткізуді белсендіру;
  3. Рухани-адамгершілік бағдарламасы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарына ақпарат ұйымдастыру;
  4. Тәжірибе алмасу мақсатында «ozin-ozi-tanu.kz» порталына материал жинау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№ 9 «Нұршашу» балабақшасы

 

2014 жылғы 11 қарашада № 9 «Нұршашу» балабақшасында  «Өзін-өзі тану» пәні арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыту» атты әдістемелік семинар өтті.

Миссиясы:

Білім жолында әр бір баланың ішкі әлеуетін ашуға мүмкіндіктер туғызу болып табылады

Мақсаты:

«Өзін-өзі тану» адамның рухани-адамгершілік дамуы бағдарламасын жүзеге асыру.

 

 

 


Балабақша тәрбиешісі Н. Кирпичева «Организация предметно-развивающей среды в нравственно-духовном воспитании ребенка как моделирующий фактор предмета «Самопознание» тақырыбында презентация көрсетті

 


Балабақша тәрбиешісі И.П. Смирнова мектепалды даярлық тобына  «Сүйіспеншілікке үйренеміз» атты сабақ өткізуде

 

Балабақша тәрбиешісі «Көкек» ненец халқының ертегісін оқу» Өзін-өзі тану элементтерімен көркем әдебиет бойынша оқу іс-әрекеті

 

 

 

 

 

 

 

№ 29 «Ақ қайың» балабақша

 

2014 жылғы 12 қарашада №29 «Ақ қайың» балабақшасында «Жүрегімде жақсылық» атты әдістемелік әдістемелік семинар өтті.                              

Миссиясы:

Білім жолында әр бір баланың ішкі әлеуетін ашуға мүмкіндіктер туғызу болып табылады

Мақсаты:

«Өзін-өзі тану» адамның рухани-адамгершілік дамуы бағдарламасын жүзеге асыру.

 

 

 

Балабақшаның бүлдіршіндері  «Бала тілі - бал» ән-шашуы

 

 

 

Семинарды Астана қаласы Білім басқармасының   Тұлғаны рухани-адамгершілік дамыту - өзін-өзі тану бөлімінің басшысы  Басығараева Салтанат Қайратқызы  ашты.

 

 

 

 

 

 

 

 

балабақша  әдіскері А.Сағанай семинарға қатысушылармен  «Жақсылық жасап, үлгі болу»  тренингін өткізді. 
 

Ұйымдастрылған оқу іс-әрекетін мектепалды даярлық тобының балаларымен  І-санатты тәрбиеші Садуақас  Жадра Қуанышбайқызы  «Жүрегімде  жақсылық»  өткізді.

 

 

 

 

 

2014 жылғы 10 қарашада №22 мектеп-гимназиясында  «Ата-аналармен байланыс – «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім бағдарламасын жүзеге асырудың қажетті шарты»» атты әдістемелік әдістемелік семинар өтті.                              

Мақсаты:

«Өзін-өзі тану» адамның рухани-адамгершілік дамуы бағдарламасын жүзеге асыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№ 59 мектеп-лицейі

 

   2014 жылғы 8 қарашада № 59 мектеп-лицейінде  рухани-адамгершілік білім беру  бағыты бойынша  қалалық  әдістемелік  семинар өткізілді.

Семинар мақсаты: тұлғаның жан-жақты біртұтас дамуы үшін жалпыадамзаттық құндылықтарға бағытталған бірыңғай рухани-адамгершілік кеңістігін қалыптастыру.

 


«Қазақ тілі» пәнінің мұғалімі Г.Т. Насырова «Атамекен» тақырыбында семинар-тренинг өткізуде.

 

 

Биология пәнінің мұғалімі М.М. Толисбаева «Жәндіктер классы» тақырыбында семинар-тренинг өткізуде

 

 

 

 

 

Гуманитарный колледж

 

2014 жылғы 12 қарашада гуманитарлық колледжде  «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беруді біртұтас педагогикалық үдеріске кіріктіру мүмкіндіктері» атты әдістемелік семинар өтті.

Мақсаты:

Рухани-адамгершілік білім беруді басқа пәндермен ықпалдастыру  жолдарын тереңдету .

 

 


Колледж фойесінде келген қонақтарға білім алушылардың шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды

 

Халықова А.М. психология пәнінен 2 курс білім алушыларына  «Мінез бітістері» тақырыбында сабақ өткізуде.

 


Колледждің акт залында  барлық ұжым педагогтарына шебер-сынып өткізілуде

 

 

 

 

 

Пікір-жазбалар

                                                                                                                                                                                   Рухани-адамгершілік білім беруді

 және  тәрбиелеуді  іске  асыру жөніндегі

директордың  орынбасары

Кабажаева Сауле  Казымбековна

 

 

 

Семинар  жайлы  біз  үзік  сыр...

 

      Менің  алған  әсерім... Мен  үшін  осы  рухани-адамгершілік бағытының  семинарының  берері  мол болды. Себебі, «Өзгермелі  қоғамдағы  жаңа  формация  мұғалімі- педагогикалық  құралдардың  барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі  жетілдіруге  талпынған, рухани  дамыған, толысқан  шығармашыл тұлға  құзіреті»,  «Білімді  жастар- ұлт  болашағы» демекші  жастарға  тәлім-тәрбие  бере  отыра, құзіретті  тұлғаны  біліммен  қаруландыратын негізгі  тұлға – мұғалім. Ұлттық рухани мұралар ұрпақтың рухани адамгершілік азығын жетілдіретін негізгі өзегі болмақ. Рухани байлыққа апаратын жол- білім, екіншісі-сол білімді пайдаға асыру. Адам білім құндылығына сүйене отырып, өз ортасын жақсы жағынан өзгертуге әрекет жасайды. Өйткені, рухани жетілудің шыңына көтерілген адам, өмірдің мәні мен мағынасын жай ғана түсініп қоймай, жер бетіне ізгілік орнатуға күш салады.   Әр  ұрпақтың  ішкі  жан  дүниесіне  үңіліп, мұғалім  таза  жүрек  жылуын  сыйлай  білсе, жақсы  мен  жамандықты  ажырата  білсе,  онда  баланың  рухани  жан  дүниесі  өзгерер  еді. Ол  үшін  мұғалім  аянбай  тер  төксе, әр  балаға  мейірім  шуақ  нұрын  төксе,  нұр  үстіне  нұр  болары  анық.

     Семинар мен  үшін   білімімді толықтырған  рухани жан дүниеме тағы бір серпін бергені анық.  Осы  алған  біліміммен  шектелмей  әрі  қарай  ізденіс  үстінде  боламын  және  үйренген  білімімді  оқушылардың  жүрегіне  жол  табамын. Себебі  семинарға қатысу  арқылы  өзімнің тағы да өзгергенімді  байқадым. Адамның  ішкі  жан  дүниесі, ойы  тазарса  жақсылық  жасаудан  артық  ештеңе  ойламайды. Сондықтан  әр  жақсылықтың  артында  бір  жақсылық  бар  екенін  білемін.

Мен  өзгердім!!!

Өзгергенім  жөн бе  екен?

Әлде  бұл  жай  айтылған  сөз бе  екен.

Мен  өзгердім...

Мен әрине өзгерем,

Бұл  заманның  талабы  да  сол  екен.

Өзгермесек  бүгінде  біз - ұстаз боп,

Келешекті  өзгерте  аламыз ба  екен...

 

 

12-13 ноября 2014 года на базе нашего колледжа был проведен семинар по теме «Интиграция предмета самопознание с другим дисциплинами: подходы,  содержание, способы реализации» . Даный семинар   считаю актуальным в том плане, что он помог решить некоторые проблемные вопросы в его реализации. В, частность  были решены методические разночтение в технологии интергации самопознания с другими дисциплинами. Тренеры по самопознанию: Харькова Н.И., Хожамуратова С.Г.; представители управления образования: Салтанат Кайратовна дали рекомендации по технике исполнения внешней и внутренней интеграции на уроках.

 Импонировало на семинаре  так же и то, что участники семинара-представители пилотных организаций: детских садов , школ, с интересом и интузлазмом давали советы, делились опытом.

       Получился конструктивный диалог «Самопознание», которые стоят у «руля» внедрения нравственно – духовного образование в образовательное пространство.

        Самопознание –архиважный предмет, потому что решает проблема государственной безопасности    - как сказал Конфуции «Для народа человекалюбие нужнее, чем огонь и вода. Я видел, как от огне и воды погибали , но не видел, чтобы кто-нибудь погиб от человеколюбия» . 

Кожахметова Р.Т. заведующий дошкольным отделением ГККП «Гуманитарный колледж»

        «Өзін-өзі тану» пәнін басқа оқу пәндерімен кіріктіру бойынша «Бірыңғай рухани-адамгершілік кеңісітікті қалыптастыру жолдары» тақырыбында өткен семинарда қаралған мәселелер өте өзекті болды. Әр оқу орнынан келген педагог – оқытушылар өздеріндегі өзекті мәселелермен бөлісіп , ойларын ортаға салды.

      Сонымен қатар «Бөбек ҰҒПББСО» өкілі Хожамұратова С.Ғ. өте жақсы шеберлік сыныбын көрсетті. Алдағы уақытта осы кіріктіру әдісін өз сабақтарымда қолданамын деген мақсатым бар. Семинардың ұйымдастырушыларына үлкен рахмет!

 

Алиева Гүлім Сабитбекқызы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы.

 

     «Проведение семинаров своевременно, необходимо. Участие в семинаре учебных заведений и организаций - представителей пилотного проекта сделало семинар насыщенным, содержательным. В программе семинара, состоявшегося в Гуманитарном колледже 12.11.2014г преподавателями проведены уроки, мастер-классы. Педагоги делились своим опытом, представляли свое видение новой дисциплины в учебном процессе. Получены ответы на вопросы организационного, методического характера».

      «Состоявшийся круглый стол 13.11.2014г по итогам всех семинаров, посвященный вопросам внедрения предмета «Самопознание»,  был  информационно-обучающим. Обсуждены проблемы, вопросы, возникающиепри изучении предмета «Самопознание», интеграции предмета.Семинар имел содержательным, выявил проблемы, способствовал решениюмногих вопросов внедрения предмета «Самопознание»».

Аубакирова Р.Ш. – преподаватель математики Гуманитарного колледжа, заместитель директора по инновационным технологиям.

 

Полезное