Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Cабақ тоқтату параметрлері

Құрметті ата-аналар!
 

        Білім басқармасының білім объектілерінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету және абаттандыру бөлімінен сабақты тоқтату туралы ақпаратты біле аласыздар.

 

Сабақты тоқтату туралы ақпарат

- «Алма ТВ» кабельдік жүйесіне қосылған болсаңыз, «31-арна», «СТВ» теледидар арнасының жүргіртпе жолында сағат 7.00-ден - 7.15-ке дейін (І ауысым) және 12.30-дан - 12.45-ке дейін (ІІ ауысым), «32» кабельді ақпарат каналынан жазбаша түрде хабарлама 6.30 – 9.00 (І ауысым), 12.30 – 14.30 (ІІ ауысым) беріледі;
-  «Нетринг сервис» кабельдік жүйесіне қосылған болсаңыз, «31 - арнаның» жүргіртпе жолында сағат 6.30 - 8.00-ге дейін (І ауысым) және 12.30-14.00-ге дейін (ІІ ауысым)
- «Радио-Астана», «Ретро-FМ», «Қазақстан-РВ», «Авто-радио», «Шалқар» радио толқындарынан  «дауысты хабарлама» беріледі;
- егер кабельдік жүйеге қосылмасаңыз «Хабар», «Евразия-1», «КТК», «НТК», «Астана TV» телеарнасынан «дауысты хабарлама» беріледі;
- 169 (ақылы), 109 телефондарына қоңырау шалуғы болады;
- Астана қаласы әкімдігінің www. astana.gov.kz сайтынан сағат 6.30-дан (І ауысым), 12.30-дан (ІІ ауысым) бастап беріледі;
- Білім басқармасының www. astana-bilim.kz порталында сабақты тоқтату параметрлері туралы ақпарат берілген;
- ата – аналар үшін балалары оқитын мектептің кезекші телефонына, сынып жетекшісіне, мектеп әкімшілігіне  хабарласуға болады;
 
Ескерту:  Ата-аналардың есіне, сабақты тоқтату туралы ақпарат 6.30-дан – 8.00-ге дейін (І ауысым) 12.30 дан – 14.00-ге дейінгі (ІІ ауысым) уақытта беріледі. Бұл ақпарат беру мекемелерінің жұмыс кестесіне байланысты.
 

Полезное