Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Басқарма туралы

Мекен жайы: 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі,11


Телефондары:
қабылдау бөлмесі +7(717-2)556851
әкімшілік бөлім: +7 (717-2) 556856
факс +(717-2) 557423

         Басқарма қызметінің негізгі мақсаты азаматтардың сапалы білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз ету болып табылады. Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін Басқарма өңірлік, демографиялық және басқа да ерекшеліктерді ескере отырып мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, мектептен тыс, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейін білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.Қоғам дамуының өзгеру жағдайларына сәйкес қаланың білім беру жүйесінің қызмет етуін және оны әлеуметтік-экономикалық қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ білім беру саласындағы мемлекет саясатының принциптері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптастыруға бағытталған сапалы білім беруді дамыту және білім бағдарламаларын игеру үшін жағдай жасау Басқарманың міндеттеріне жатады.
Басқарма оқытудың жаңа технологияларын енгізу және тиімді пайдалану, бірыңғай білім беру ақпараттық ортасын қалыптастыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығуға жауап береді.Басқарма Астана қаласының білім беру жүйесін тиімді дамыту стратегиясын, тұжырымдамасын әзірлеу, білім беруді дамытудың өңірлік және мақсатты бағдарламаларын, даму жоспарын жасаумен, олардың жүзеге асырылуын қадағалаумен айналысады.Басқарма білім беру жүйесінің жай-күйін және жалпы білім беру мен кәсіптік қажеттілігін қанағаттандыру деңгейін талдайды, қала халқының барлық әлеуметтік топтарының білім алуға қажеттілігі мен сұранымын қанағаттандыру үшін қажетті жағдай жасайды.
Сонымен қатар Басқарма білім беру желісіндегі оқушылар мен тәрбиеленушілер контингентінің өзгеру беталысын болжайды, оқушылардың нысан, үлгі, бейін және оқыту тілін таңдау мүддесін және халықтың білім мен кәсіптік білімге сұранымын барынша қанағаттандыру үшін жаңа үлгідегі білім мекемелерінің дамыту жөнінде шаралар кешенін белгілейді.Басқарма мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім ұйымдарының білім беру қызметін аттестаттауды және лицензиялауды ұйымдастырады және жүргізеді.Сондай-ақ, Басқарма міндеттерінің қатарына кәсіптік қызметті жүзеге асыру үшін педагогикалық инженерлік-педагогикалық және басқару кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлауды ұйымдастыру, педагог кадрларға жоғары санат беру үшін аттестаттаудан өткізу, педагог кадрларды аттестаттаудан өткізу туралы ереженің сақталуын бақылауды жүзеге асыру жатады.
Басқарма, сонымен қатар, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білім беруді дамыту мәселесін шешуді, мамандар даярлау және жұмысқа орналастыру жөніндегі мемлекеттік білім тапсырысын орындауды қамтамасыз етеді.Басқарма жаңадан енгізілгендер, жаңа оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын эксперименттік сынақтан өткізеді, педагогикалық және басқару жаңартпаларды, оларды енгізуді кешенді сараптаудан өткізіп, Білім және ғылым министрлігіне жаңа бағдарламалық-әдістемелік қамтуды әзірлеу жөніндегі ұсыныстар енгізеді.
Астана қаласының Білім басқармасы көрсететін мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Неке және отбасы туралы», ҚР Үкіметінің «Қазақстан Республикасының қорғаншылық және қамқоршылық органдары туралы, патронат туралы ережелерді және Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке алуды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» қаулысы негізінде жүзеге асырылады және т.б.
 Астана қаласының Білім басқармасы өзінің міндетті мемлекеттік қызметтер көрсетеді.
1. «Мектепке дейінгі балалар мекемелеріне жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды тіркеу»;
2. «Кәмелетке толмаған балаларға тиесілі тұрғын үй алаңын ауыстыруға немесе сатуға рұқсат беру үшін нотариалды кеңсеге анықтама беру»;
3. «Кәмелетке толмағандарға тиесілі тұрғын үйді банкке несие ресімдеу үшін кепілге қоюға рұқсат беру»;
4. «Зейнеткерлік қорларға, ІІМ Жол полициясы комитетінің, аумақтық бөлімшілеріне кәмелетке толмаған балаларды мұраны ресімдеу үшін анықтама беру»;
5. «Жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған баларды өңірлік есепке қою»;
6. «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру»;
7. «Тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелерді жасау үшін қорғаншылар мен қамқоршылар кеңесінің шешіміне анықтама беру »;
8. «Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға құжаттар ресімдеу»;
9. «Патронаттық тәрбиелеуге баларды алуға тілек білдірген отбасылардан өтініштер қабылдау».

Полезное