Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

"Қандай рақат, шын бақытын тапса адам..."

      26.04.24 күні  Ф. Оңғарсынова атындағы 77 мектеп—гимназияда "Қандай рақат,  шын бақытын тапса адам..."  тақырыбында TEDx өткізілді. Шараға директордың оқу ісі, бейіндік ісі жөніндегі орынбасарлары мен мектептің әдістемелік бірлестіктерінің мүшелері қатысты. Шара барысында қонақтар "Қола сандықтан"  шыққан умаждалған қағаздарды құралға айналдырып,  "Күміс  сандықтан"  шыққан А4 ақ парақтардан адам жасап,  оның тұлға болуы үшін поэзия тілімен өсиет, кеңестерін  айтты.  "Алтын сандықтан"  шыққан ел танитын ақын,  сазгерлер суреттері мен басқа өрнек, жазбаларына қарап, олардың  Отан, тіл туралы әндерінің атауын тапты, караокемен ән шырқады. Шара соңында бұл жасаған істерінің бәрі мақсат қою,  құндылыққа бағыттау,  нәтижеге жету сияқты күнделікті жүзеге асырып жүрген педагогтік әрекеттерінің түйіні екенін айтып, ой мен ойынның әсерлі болғаны туралы кері байланыс берді.



Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное