Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Сізге менің мамандығым жайлы...

2016 жылдың 27 сәуір күні Астана қаласы мектептерінің түлектеріне  мамандық таңдауда  кәсіптік бағыт бойынша  көмек қолын созу мақсатында «Сізге менің мамандығым жайлы...» Ашық есік күні өткізілді. Колледждегі шараға  Астана қаласының  жалпы білім беру № 4, 10, 14, 18, 20, 25, 28, 30, 36, 49, 52, 61 мектептерінің  189-дан аса 9 сынып бітіруші түлектері қатысты. Ұйымдастырылған шарада еңбек нарығында қажеттілік туғызатын мамандықтар бойынша қонақтарға барлық ақпарат берілді. Колледж мамандықтары туралы презентациялар, қабылдау ережелері, болашақ мамандықтардың оқытылу мерзімі туралы  колледждің оқытушылары: Г.Т.Жумабаева, В.Пекарская, А.Т. Узбайрова, М.Ж. Айтжанова, А.П.Солодилова, М.С. Исабеков, Г.Н.Байгужина түсініктеме берді. Сонымен қатар, «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандық студенттерінің дайындаған флешмобы көпшіліктің қызығушылығын тудырды.  Әр мамандық бойынша сынып-шеберлігі өткізілді, сондай-ақ «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының 3 курс студенті Игорь Хорченконың томат пастасымен дайындалған асы және «Туризм» мамандығының өндірістік оқыту шебері К.Б.Белжановтың шәкірттерімен дайындаған спорттық туризмнен шеберлік сабағы қонақтарды таң қалдырды.
Мектеп оқушыларына  колледж бойынша саяхат ұйымдастырылды. Оқу кабинеттері мен өндірістік және зерттеу бөлмелері таныстырылды.
Шара соңында колледж туралы буклет қағаздары тапсырылып, оқуға қабылдану үшін қажетті құжаттар тізімі жазылған қима қағаздар үлестірілді. Іс-шараға қатысқан қонақтардың көбі осы колледжге келіп түсуге ниеттерін білдірді. Қош келіңіздер!

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное