Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

2016-2017 оқу жылына оқушылар қабылдау туралы хабарландыру

Дарынды балаларға арналған №81 "Astana English School гимназиясы" 2016-2017 оқу жылына
2-8 сыныптарына оқушылар қабылдайды. 2-8 сыныптарға оқушылар қабылдау қазақ тілі, математика  және ағылшын тілі пәндерінен сынақ (тест алу) арқылы, конкурстық негізде жүргзіледі. Конкурсқа  2-8 сыныпты "үздік" және "оқу екпіндісі" үлгерімімен оқып аяқтаған оқушылар қатыса алады. Конкурсқа қатысу үшін табельдерінің көшірмелері ұсынылады.
    Оқу ақылы түрде. Оқу ақысы айына 100 000 (жүз) мың теңге.Егер, бір жанұядан 2-3 бала оқитын болса жеңілдіктер қарастырылған: 2-балаға 10%, 3-балаға 15%.
    2-8 сыныптарға қабылдану үшін сәуір айының 04-нен бастап тізімге тіркеледі.
                     
                    2-8 сыныпқа қабылдануда төмендегі құжаттар ұсынылады:

1. Мектеп директоры атына өтініш;
2. Оқушының жеке іс-қағазы, мектептің мөрімен бекітілген үлгерімі туралы табельдері;
3. Баланың денсаулық паспорты, медициналық №63, №26 формасы;
4. Баланың туу туралы куәлігі (көшірме);
5. Ата-анасының жұмыс орнынан анықтама;
6. Мекенжай анықтамасы;
7. Ата-анасының жеке куәліктерінің көшірмелері;
8. ЖСН (ИИН) көшірмелері;
9. 3х4 көлемдегі 2 фотосурет; 
                        
                    1-сыныптарға оқушылар қабылдау туралы хабарландыру 
                            
                                             Құрметті ата-аналар!
  
       
Дарынды балаларға арналған №81 "Astana English School" гимназиясы 2016-2017 оқу жылына 
1 сыныптар және мектепалды даярлық тобына  оқушылар қабылдайды. 1-сынып оқушыларын қабылдау психологиялық тест жүргізу және ағылшын тілі пәнінен тест алу арқылы конкурстық негізде жүргізіледі. 
      Оқу ақылы түрде. 1-сыныптардың оқу ақысы айына - 100 000 (жүз) мың теңге. Егер бір жанұядан 2-3 бала оқитын болса, жеңілдіктер қарастырылған: 2 балаға -10%, 3 балаға -15%. Мектепалды даярлық тобының оқу ақысы айына 50 000 (елу) мың теңге.

1. Мектепке дейінгі оқыту мектепалды дайындау түрінде 5 жасынан бастап жүзеге асырылады
   /Қ.Р.2007ж. 27.07. "Білім туралы" заңының 30 бабы/

2. 1-сыныпқа қабылдау:

1-сыныпқа қабылдау сәуір айының 04-нен бастап тізімге тіркеледі. Жалпы білім беретін мекемелердің 1-сыныптарына қыркүйек айының 1-не дейін 6 жасқа  толған балалар қабылданады, 
/Қ.Р.2007ж. 27.07. "Білім туралы" заңының 30 бабы/

                           Мектепке қабылдау келесі құжаттар арқылы жүзеге асырылады:

1. Баланың заңды өкілдерінен өтініш;
2. Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3. Денсаулық паспорты, №26 және егу картасы№63;
4. Мекен-жай анықтамасы немесе өтініш берушінің тұратын орнын анықтайтын басқа құжат;
5. 3х4 көлемдегі 2 фотосурет;
6. Ата-анасының жұмыс орнынан анықтамалары;
7. Ата-анасының жеке куәліктерінің көшірмесі;
8. ЖСН  (ИИН) көшірмелері;
9. Бала бақшадан анықтама (егер бар болса).

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер

16_bit | 2016/04/27 09:34:24
Отличный материал!
16_bit | 2016/04/27 09:34:34
Отличный материал!

Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное