Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Біз таза қаланы қолдаймыз»

07 сәуір мен 07 мамыр айын 5-11 сыныптар аралығында жалпы қалалық тазалық күніне арналған «Біз таза қаланы қолдаймыз » сынып сағаттары өткізілді. Апта сайын бастауыш сынып оқушылары өздері білім алатын сынып бөлмелерін гигиеналық талапқа сай тазартып отырады. Биология сабағында «Жасыл желек» үйірмесінің мүшелері мектептегі бөлме гүлдеріне баптау жұмыстарын үйірме жетекшісі: Г.Самарханова, Л.Карабозованың ұйымдастыруымен баптап отырғызылды. Технология сабағында оқушылардың еңбекке деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында мектеп ауласындағы   ағаштардың түптерін   қопсыту, тазалау тыңғылықты жүргізіліп отырады.

19 сәуір. сағ.9.00-13.00 аралығында өтетін «Біз таза қаланы қолдаймыз» атты қалалық экологиялық сенбілік өткізу туралы   бұйрық Ж.Жабаев атындағы №4мектеп-гимназиясының ұжымының арасында қолдау тапты. Мектеп оқушылары   сынып бөлмесін тазалау, мектеп ішін тазалау, мектеп ауласын тазарту, жасыл желекке қамқорлық жасап, отырғызылған көшеттерді әктеу, қопсыту, суару сияқты   көгалдандыру жұмыстарын тиянақты атқарды. Бұл сенбіліктің жоғар деңгейде өтуіне жалпы халықтық тазалық күніне арналып өткізілген «Біз таза қаланы қолдаймыз» атты сынып сағаттарының әсері зор болды. Сенбіліктің талапқа сай, жоғары деңгейде ұйымдастырылуына сынып жетекшілерінің ықпалы зор болды.

Сенбілікке 5-11 сынып оқушылары, сынып жетекшілері және бастауыш сынып бірлестігінің мұғалімдері қатысты. 9-11 сынып оқушылары мектептің шағын аймақтарын (Сейфуллин, Торайғыров, Жангелді, Ш.Айманов) көшелерін тазалауға шықты. 5-8 сыныптар мектеп ауласының тазарту жұмыстарына тартылды. Барлық қатысқан оқушылар саны -985, сенбілікке қатысқан мұғалімдер саны-90, қызметкерлерден-35 адам шықты. Барлығы: 1110 адам қатысты.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное