RSS Кіру

Астана қаласының білім мекемелері

Мектепке дейінгі білім

Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің негізгі мақсаттары мыналары: білім алушылардың жалпы ғылыми және жалпы мәдени дайындығын қалыптастыру; оқушылардың қоғамдағы өмірге әлеуметтік үйренісуі; азаматтылықты және Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу; қоғамның білікті жұмыскерлерге және мамандарға қажеттілігін қамтамасыз ету; оларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру. Баланың білім алуға құқығы және өз қабілеттерін толық дамыту балалардың өмірі және қоғамның әл-ауқаты үшін өте маңызды. Мектепке дейінгі білім беру 2 жастан міндетті мектеп жасына дейінгі балаларға қатысты. Мұндай білім баланың дамуындағы негізгі іргетасы болып табылады.

Мектептер

Жалпы орта білім кепіл етілген және барлық азаматтар үшін міндетті болып табылады. Одан бөлек, жалпы орта білімнің басымдықтары білім беру мазмұнын ақпараттандыру және жаңарту болып табылады. Жалпы орта білім беру жүйесінің алдында келесі міндеттер тұр: барлық мектеп жасындағы балаларды оқумен қамту; жалпы орта білім берудегі мемлекеттік жалпы міндетті стандарттарды іске асыру; мектептерде мазмұнды және оқыту әдісін жетілдіру жолымен білім беру сапасын арттыру, оқушылардың білімін және педагогтардың қызметін бағалауда обьективті талаптар мен тәсілдерді енгізу; оқушылардың және педагогтардың денсаулығын сақтау бойынша шаралар қамтамасыз ету. 

Колледждер

Кәсіби-техникалық білім берудің негізгі міндеттері: кәсіби білім берудің мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарын әзірлеу және енгізу, оларды еңбек нарығындағы ахуалды және экономикадағы құрылымдық өзгерістерді есепке ала отырып жаңарту; кәсіби білім берудің қол жетімділігін арттыру үшін жағдай жасау, кәсіби білім берудің мемлекеттік емес секторын қолдау, кәсіби білім беру жүйесінде әлеуметтік серіктестікті ұйымдастыру және дамыту; кәсіби білім берудің оқу мекемелерінде кадрларды дайындау және қайта даярлау мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты кеңейту.

Қосымша білім беру

Қазіргі таңда елімізде азаматтардың, қоғамның, мемлекеттің білім беру және мәдени қажеттіліктерін жанжақты қанағаттандыруға бағытталған толыққанды тәрбие беру жүйесі жолға қойылған. Қосымша білім беру жүйесі мектепте және отбасында іске асырылатын тәрбие мазмұнын жаңартуы, балалардың және жасөсіпірімдердің  олардың таңдауы және қызығушылығына қарай қызмет нысандарының әр алуандығын дамытуы және тереңдетуі тиіс. Қосымша білім беруді пайдаланудың тиіміділігі оның бала тұлғасын тәрбиелеуді, оқытуды және дамытуды бірегей процеске біріктіретіндігінде.

Қашықтық оқыту

Ағылшың тілі курстары

Тілді үйрену ешқашан кеш болмайды. Ағылшын тілін үйрену курстарына жазылыңыз! Бастауыштан халықаралық IELTS, TOEFL, жергілікті емтихандарға дайындықтан бастап (магистратураға түсу, АМБ, ҰБТ) дейін дарлық деңгейлер. Сөйлеуді үйретуді және есту арқылы қабылдауды дамыту. Сынақ әңгімелесуге дайындау. Түрлі қызықты және тиімді әдістер.

Қазақ тілінен курстар

Қазақ тілін үйрену – мемлекеттік маңызды іс. Қазақ тілін меңгеруге табанды шешім қабылдағандар, оны білу сөйлесуге, дамуға және қызметтік өсуге жаңа мүмкіндіктер беретіндігін түсінеді. Қысқа мерзімде Сіз едәуір нәтижелерге қол жеткізесіз. Тілді кез келген адам меңгере алады, тек жігер және сабырмен қарулану керек.